Баспасөз-қызметі
NIS оқушысы әлемнің үздік жас математигі атанды
Малайзияда өткен математикадан AIMO-2023 Халықаралық олимпиадасында Алматыдағы химия-биология бағытындағы NIS оқушысы Нұрқасым Хафиз алтын медальға ие болды. Білім бәйгесінде 45 елдің жас математиктері бақ сынады. Қазақстандық оқушы шетелдік қатысушылардан ұпай саны жағынан үлкен айырмамен алға шығып, абсолютті чемпион атанды.
Бұған дейін Нұрқасым 2021 жылы MAA MCC халықаралық Американдық математикалық олимпиадада алтын алса, былтыр Гонконгте өткен AIMO-да күмісті місе тұтқан. Сол жылы ол МАА АМС қорытындысы бойынша 3 орын алып, қола медальді еншілеген.
Айта кетейік, Нұрқасым «Ақылды өрт сөндіру жүйесі» өнертабысы үшін патент алған. Оның жобасы тілсіз жаумен күресте адам өмірін қорғауды қамтамасыз етеді.