NIS оқушылары Президенттік олимпиадада жеңіске жетті

Бүгін Қарағандыда жаратылыстану-математикалық бағыттағы XVI Президенттік олимпиададаның жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің есімдері белгілі болды.

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары республикалық олимпиадада 5 алтын, 5 күміс және 1 қола жүлде еншіледі.

Алтын медаль иегерлері:

Ержан Мирасбеков – Ақтөбедегі NIS

Самира Бекаманова – Астанадағы физика-математика бағытындағы NIS

Тамерлан Абдилов – Қостанайдағы NIS

Ералы Шентемиров – Қостанайдағы NIS

Диляра Искарова – Оралдағы NIS

Күміс медаль иегерлері:

Әсем Әділгереева – Ақтөбедегі NIS

Аңсар Зейнулла – Астанадағы физика-математика бағытындағы NIS

Рауан Хамза – Қостанайдағы NIS

Данияр Козгамбаев – Павлодардағы NIS

Данил Серый – Петропавлдағы NIS

Қола медаль иегері – Шымкенттегі физика-математика бағытындағы NIS оқушысы Сырым Исмаилов.

Айта кетейік, Президенттік олимпиада елімізде 2008 жылдан бері өткізіледі. Республикалық жарыс 11 (12) сынып оқушыларына арналған. Қатысушылар төрт пән бойынша — математика, физика, химия және биологиядан тапсырмалар орындайды.