NIS оқушылары математика және физикадан республикалық олимпиадада 20 медаль иеленді

Елордада математика және физика пәндерінен республикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды.

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары білім бәйгесінде 5 алтын, 9 күміс және 6 қола медаль еншіледі.

Математика пәнінен алтын медаль иегерлері:

Әли Еркебұланұлы – Алматыдағы физика-математика бағытындағы NIS

Эльдар Усенов – Алматыдағы физика-математика бағытындағы NIS

Әмір Әбділдін – Талдықорғандағы NIS

Математика пәнінен күміс медаль иегерлері:

Ақерке Нұрахметова – Алматыдағы физика-математика бағытындағы NIS

Арсен Нәрік – Алматыдағы физика-математика бағытындағы NIS

Ринат Аманқос – Алматыдағы химия-биология бағытындағы NIS

Математика пәнінен қола медаль иегерлері:

Әділжан Арыстанбек – Алматыдағы физика-математика бағытындағы NIS

Әлімжан Тұрдалы – Алматыдағы физика-математика бағытындағы NIS

Әділ Әміржанов – Қарағандыдағы NIS

Дамир Нұрланов – Ақтаудағы NIS

Физика пәнінен алтын медаль иегерлері:

Арғын Сейткамит – Астанадағы физика-математика бағытындағы NIS

Әмірбек Азатбеков – Астанадағы физика-математика бағытындағы NIS

Физика пәнінен күміс медаль иегерлері:

Дамир Құрман – Астанадағы физика-математика бағытындағы NIS

Бекасыл Елубай – Алматыдағы физика-математика бағытындағы NIS

Дамир Аленов – Алматыдағы физика-математика бағытындағы NIS

Дамир Екібаев – Семейдегі NIS

Артур Николаенко – Алматыдағы физика-математика бағытындағы NIS

Мирас Әмірбеков – Семейдегі NIS

Физика пәнінен қола медаль иегерлері:

Айдана Айтөре – Ақтөбедегі NIS

Ахмаджон Табаров – Алматыдағы физика-математика бағытындағы NIS