NIS оқушылары астрономиядан халықаралық олимпиадада 3 медаль жеңіп алды

Алматыдағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектептің оқушылары Open World Astronomy Olympiad – екінші ашық халықаралық астрономиялық олимпиадада топ жарды. Білім бәйгесінің алтын медалін Дамир Аленов еншілесе, Ахмаджон Табаров пен Бекасыл Елубайға күміс жүлде бұйырды.

Биыл OWAO 14-22 қараша аралығында Ресейдің «Сириус» федералды аумағында өтті. Оқушылар бақылау, тестілеу, тәжірибе және теория турларында білімдерін сынады. Олимпиадаға 14 елдің өкілдері қатысты. Қазақстан құрамасы олимпиадада дайындығының, білімі мен шеберлігінің жоғары деңгейін көрсете білді.