NIS оқушылары астрофизика және астрономиядан Халықаралық олимпиадада күміс пен қола еншіледі

Астрофизика және астрономиядан Халықаралық олимпиадада Алматыдағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектеп оқушылары Ахмаджон Табаров күміс, Бекасыл Елубай қола медаль иеленді. Сондай-ақ беделді байқауда жүлдегерлермен бірге Дамир Аленов те ел намысын қорғады.

International Olympiad on Astronomy and Astrophysics (IOAA) білім алушылардың астрономия мен астрофизикаға қызығушылығын арттыру мақсатында 2007 жылдан бері өткізіліп келеді.

Биыл он алтыншы рет ұйымдастырылған олимпиада Польшаның Катовице қаласында 50 елден келген 250-ге жуық жоғары сынып оқушыларының білімін сынады.

Еске салсақ, 2021 және 2022 жылдары International Olympiad on Astronomy and Astrophysics-тің алтын медалін Алматыдағы физика-математика бағытындағы NIS түлегі Ерсұлтан Пітебай жеңіп алды.