NIS қоржыны Боготаның қолаларымен толықты

Богота қаласындағы халықаралық жасөспірімдер олимпиадасына қатысқан NIS-тің үш өкілі – елордадағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектеп оқушысы Айғаным Балташова, Семейден Дамир Екібаев, Ақтөбеден Айдана Айтөре қола жүлдемен оралды. Олар тестілеу, теориялық және эксперименттік тапсырмаларды сәтті орындады.

Колумбия астанасындағы дәстүрлі білім бәйгесіне биыл 70 елдің ең үздік физиктері, биологтары мен химиктері қатысты.