NIS командасы – робототехникадан әлемнің үш дүркін чемпиондары

Алматыдағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Ердәулет Түргенбаев, Әлфия Байжақып, Нұржан Көкеев, Досжан Дайран және Дастан Қадылбек робототехникадан ең ірі чемпионат – FIRST Global Challenge-де рекордтық нәтижеге қол жеткізіп, бас жүлдені жеңіп алды.

Биылғы сайыс 190 елдің қатысуымен Грекияда өтті.

Grand Challenge Award номинациясы бойынша алтын медаль мен ойындардағы рекордтық ұпай санынан бөлек, NIS оқушылары жоғары төрешілер марапаттарында екі күміс медальға ие болды: А.Эйнштейн атындағы FIRST Global International Excellence және үздік инженерлік шешімдер үшін Robots Skills Challenge.

Айта кетейік, NIS командасы 2022 жылы Женевада және 2023 жылы Сингапурда өткен FIRST Global Challenge чемпионаттарында да жеңіске жеткен болатын. Бұл жетістік – оқушылар мен команда жаттықтырушыларының жүйелі еңбегінің нәтижесі.