NIS өкілдері «Еңбек ардагері» медалін алды

Бүгін «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин NIS-тің қалыптасуы мен дамуына, отандық білім саласына өлшеусіз үлесін қосқан 6 майталман маманға «Еңбек ардагері» медалін табыстап, ұзақ жылғы еңбектеріне алғыс білдірді. Басқарма төрағасы еңбек демалысына шығып жатқан Айгүл Қазжанова, Менжамал Әлсейітова, Гүлнар Алтаева, Алия Әлбекова, Жанат Аманова және Шәрипа Қалмұратованың еліміздегі зияткерлік мектептердің ғана емес, тұтастай оқу-ағарту саласының өрістеуіне қосқан үлесін ерекше атап өтті.

– Сіздер – өнегелі еңбектеріңіз, қарапайым да парасатты мінездеріңізбен үлкен абырой-беделге ие болған ұжымымыздың тәжірибелі, үздік маманысыздар. Игі істеріңіздің қашанда алға басуына, ел мен қоғам алдында абыройларыңыздың арта беруіне тілектестік білдіреміз, – деді Әнуар Жанғозин.