NIS білім беру жүйесіне жобалық менеджментті енгізеді

NIS-тің 2035 жылға дейінгі даму стратегиясы жыл сайынғы жобаларды басқару саласындағы мамандарды біріктіретін PMI Kazakhstan алаңында таныстырылды. Маңызды құжат конференцияға қатысушылардың қызығушылығын тудырды.

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің жеткен жетістіктері елімізде ғана емес, әлемдік деңгейде де кеңінен танымал. Алайда көз ілеспес жылдамдықпен дамып жатқан қоғамда үздіксіз дамуға күш салу керек.

Жиында Назарбаев зияткерлік мектептерінің 2035 жылға дейінгі даму стратегиясын NIS жобалық кеңсесінің басқарушы директоры Гүлмира Турубаева таныстырды. Сондай-ақ білім беру жүйесінде жобалық менеджментті енгізудің бірегей тәжірибесімен бөлісті.

– Стратегияны іске асыру элементтерінің бірі оқыту және тренингтер өткізу. Қызметкерлер Гант диаграммалары, тәуекел матрицалары және гибридті әдіснамалар сияқты жобалық менеджменттің негізгі құралдарын игерді, – деді спикер.

«Адамдар-Процестер-Технологиялар» тұжырымдамасында енгізілген процестер, жобаны енгізу кезінде қолданылған әдістер мен тәсілдер қарастырылды.

Сонымен бірге демеуші, жоба менеджері және сыртқы жеткізушілер мен мердігерлерді қамтитын жобалау топтары құрылды. Жобаны басқару бағдарламалық құралын пайдалану арқылы тапсырмалардың орындалуын жоспарлау мен бақылауды жеңілдету мәселелері де талқыланды.

Конференцияда жобалық кеңсенің баяндама жасап, білім беру саласында жобалық басқаруды енгізу тәжірибесін таратуы да маңызды. Өйткені іс-шараға қатысушылар білім беру жүйесін одан әрі реформалау үшін негіз бола алатын, оқыту сапасын жақсартуға ғана емес, сонымен қатар белсенді және мүдделі оқу ортасын қалыптастыруға ықпал ететін қағидалармен танысты. Бұл инновацияға және білім беру жүйесіндегі процестерді оңтайландыруға бағыттылған білім беру мекемелері ескеруі тиіс тәжірибе екені сөзсіз.