NIS Басқарма төрағасы Атыраудағы Зияткерлік мектепке іссапармен барды

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин Атыраудағы NIS ұжымы және оқушыларымен жүздесті.

Кездесуде Басқарма төрағасы мектептің даму стратегиясы мен мақсат-мүдделерінің орындалу барысымен танысты. Сондай-ақ білім сапасын одан әрі арттыру және оқушылардың әл-ауқатын қамтамсыз ету жұмыстары жан-жақты талқыланды.

Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының өкілдері және мектеп өміріне белсене араласып жүрген зияткерлер Әнуар Қанатұлымен ашық тілдесіп, сұхбат құрды. Танымал көлеңке театрының мүшелері де білім тақырыбындағы қойылымын ұсынды.