Ақтөбедегі NIS оқушылары зағип жандарға арналған пернетақта үшін Мексикада күміс медаль еншіледі

Жақында республикалық ғылыми жобалар байқауында екінші орын алған Ақтөбе қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Жаннұр Әйіп пен Данияр Чутенев осы жылдың қаңтар айында Expo Sciences Mexico Халықаралық виртуалды Олимпиадасында тағы бір күміс медальға ие болды.

Ақтөбедегі NIS-тің 10-сынып оқушылары Жаннұр Әйіп пен Данияр Чутенев зағип жандарға арналған пернетақта жасағаны үшін Мексикада өткен халықаралық байқауда ерекше көзге түсті.

Expo Sciences Mexico халықаралық олимпиадасына 17 елден 61 команда қатысты. Ақтөбелік NIS командасы нашар көретін және зағип жандарға арналған «Компьютер және робототехника» номинациясында Braille Board пернетақтасын ұсынды.

– Біздің құрылғы Брайль шрифтінде таңбалар мен әріптерді құруға арналған алты батырмадан тұрады. Біз өз бетімізше қажетті тақталарды жасадық: схемаларды сыздық, тазалап, дайындадық, содан кейін қажетті элементтерді егжей-тегжейлі дәнекерледік. Болашақта патент алуды жоспарлап отырмыз, өйткені бұл — шынымен де бірегей жоба, – деп түсіндірді Жаннұр Әйіп.

Жоба туралы толығырақ «Айқын» республикалық газеті сайтынан оқи аласыз

https://ru.aikyn.kz/shkolniki-iz-aktobe-sozdali-klaviaturu-dlya-nezryachih/