Баспасөз-қызметі
NIS қайырымдылық жобасы аясында ауыл мектептерін әдістемелік қолдауға арналған кітап басып шығарды
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Білім беру сапасын арттыру мақсатында ауыл мектептерін қолдау жолдары» атты алғашқы әдістемелік ұсынымдар жинағын жариялады.
Басылым «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры және Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры бірлесіп әзірлеген жобаны іске асыру нәтижелерімен таныстырады. Сонымен қатар жинақта ауыл мектептеріне қатысты білім беру саясаты мен тәжірибесін іске асырудың халықаралық тәжірибесі мен ауыл мектептерін қолдау жолдары ұсынылған.
Әдістемелік ұсынымдар жинағының авторлық құрамына «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, Педагогикалық өлшеулер орталығы және Білім беру бағдарламалары орталығы, NIS тәжірибесін тарату және балалардың игілігі департаменттері, сондай-ақ Білім беру саласын тұрақты дамыту қорының басшылары, сарапшылары және жетекші мамандары кірді.