Баспасөз-қызметі
Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 16 оқушысы халықаралық «Туймаада» олимпиадасында жүлдегер атанды
3-11 шілде аралығында Саха Республикасында (Якутия) математика, физика, химия және информатика пәндерінен халықаралық «Туймаада» олимпиадасы өтті.
Білім бәйгесіне Зияткерлік мектептерден 19 оқушы қашықтан қатысып, олардың 16-сы жүлделі орындарға ие болды.
Семейдегі NIS оқушысы Асқар Әкежан ең көп ұпай жинап, абсолютті жеңімпаз атанды, сондай-ақ Өскемен қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Айзере Жеңісханова мен Астанадағы физика-математика бағытындағы NIS-тен Кирилл Ким де алтын медаль еншіледі.
Одан өзге NIS қоржыны 4 күміс және 9 қола медальмен толықты.
Айта кетейік, «Туймаада» олимпиадасы отыз бірінші рет өткізіліп отыр. Жылдан жылға оның танымалдығы мен беделі артып келеді, себебі қатысушылардың географиясы кеңейіп, қызығушылық білдіретін оқушылар саны өсуде. Биыл олимпиадаға әлемнің түкпір-түкпірінен 234 оқушы қатысты.