Баспасөз-қызметі
Назарбаев Зияткерлік мектептерінде шахматтан желілік спартакиада өз мәресіне жетті
Назарбаев Зияткерлік мектептерінде шахматтан дәстүрлі желілік спартакиада өтіп, оған 21 NIS пен Астана халықаралық мектебі қатысты.
Биыл үш жас санаты бойынша 180-нен астам оқушы үздік шахматшы атағы үшін бақ сынасты. Қатысушылар қатарында тәжірибелі ойыншылармен қоса дебютанттар да болды.
Олимпиада онлайн форматта lichess.org платформасында өтіп, жас шахматшылар өздерінің стратегиялық ойлау қабілеттерін және шахмат өнеріндегі шеберліктерін көрсетуге мүмкіндік алды.
Шахматтан желілік спартакиадада төрешілер алқасын жарыстың бас төрешісі, шахматтан халықаралық шебер және ФИДЕ арбитрі Рустам Қайырбеков басқарды. Сонымен қатар алқаның құрамына ФИДЕ ұлттық арбитрі әрі турнирлер ұйымдастырушысы Баян Есенғабылова және шахматтан спорт төрешісі әрі жаттықтырушы Абылай Үсенов кірді.
5–6 сынып оқушылары арасындағы жалпыкомандалық есепте жеңімпаздар мен жүлдегерлер:
1-орын – Астана Халықаралық мектебі
2-орын – Талдықорған қаласындағы NIS
3-орын – Көкшетау қаласындағы NIS
7–9 сынып оқушылары арасындағы жалпыкомандалық есепте жеңімпаздар мен жүлдегерлер:
1-орын – Павлодар қаласындағы NIS
2-орын – Халықаралық Астана мектебі
3-орын – Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы NIS
10–12 сынып оқушылары арасындағы жалпыкомандалық есепте жеңімпаздар мен жүлдегерлер:
1-орын – Павлодар қаласындағы NIS
2-орын – Көкшетау қаласындағы NIS
3-орын – Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы NIS
5–6 сынып қыздары арасындағы жеке есепте жеңімпаздар мен жүлдегерлер:
1-орын – Астана Халықаралық мектебінің оқушысы Әмина Кушерова
2-орын – Астана Халықаралық мектебінің оқушысы Жания Рахматулла
3-орын – Көкшетау қаласындағы NIS оқушысы Маргарита Ермолаева
5–6 сынып ұлдары арасындағы жеке есепте жеңімпаздар мен жүлдегерлер:
1-орын – Талдықорғандағы NIS оқушысы Артем Пак
2-орын – Көкшетаудағы NIS оқушысы Леон Никитенко
3-орын – Талдықорғандағы NIS оқушысы Тимур Хан
7–9 сынып қыздары арасындағы жеке есепте жеңімпаздар:
1-орын – Астана Халықаралық мектебінің оқушысы Айдана Абужарова
2-орын – Павлодардағы NIS оқушысы Мунира Рау
3-орын – Қарағандыдағы NIS оқушысы Айша Айкен
7–9 сынып ұлдары арасындағы жеке есепте жеңімпаздар:
1-орын – Павлодардағы NIS оқушысы Темірлан Омар
2-орын – Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы NIS оқушысы Алдияр Жарас
3-орын – Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы NIS оқушысы Бекарыс Сайлау
10–12 сынып қыздары арасындағы жеке есепте жеңімпаздар:
1-орын – Көкшетаудағы NIS оқушысы Малика Сейілбек
2-орын – Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы NIS оқушысы Елдана Калиахамет
3-орын – Павлодардағы NIS оқушысы Ділназ Ержан
10–12 сынып ұлдары арасындағы жеке есепте жеңімпаздар:
1-орын – Павлодардағы NIS оқушысы Елнұр Зейнышев
2-орын – Астана Халықаралық мектебінің оқушысы Бексұлтан Молдағали
3-орын – Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы NIS оқушысы Төлеген Болыc