Баспасөз-қызметі
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ ресми хабарламасы
Зияткерлік мектептер негізінен мемлекет бөлетін қаражат есебінен өз жұмысын жалғастыруда. ДББҰ-ның бюджеттік қаржыландыруы тұрақты болып табылады.
Сонымен қатар Зияткерлік мектептерді одан әрі дамыту үшін бюджеттен тыс қаражат есебінен қаржыландыру үлесін біртіндеп ұлғайту жоспарланған.
Бюджеттен тыс қаржыландыруды ұлғайту Зияткерлік мектептердегі білім сапасын жақсартуға, оқушылар мен педагогтер үшін білім беру процесінің жайлылығын арттыруға мүмкіндік береді деп болжанған болатын. Бюджеттен тыс көздерден қаржыландырудың болмауы белгілі бір дәрежеде NIS экожүйесінің одан әрі серпінді даму мүмкіндіктерін шектейді.
ДББҰ «Jusan» тобына қатысты іс бойынша прокуратурамен тығыз байланыста, мәселенің соңы бүкіл республикадағы Зияткерлік мектептер оқушыларының пайдасына шешіледі деп сенеміз.