«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Қамқоршылық кеңесінің отырысы өтті

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-да Қамқоршылық кеңестің кезекті отырысы өтті. Басқосуда бірқатар мәселелер қаралды.

«Өркен» білім беру грантын тағайындау жөніндегі конкурсты өткізу қағидаларын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестендіру бойынша өзгерістер қабылданды.

Жаңа ережеге сай бос орын болған және белгілі бір Зияткерлік мектепте резервтік тізім болмаған жағдайда, жалпы резервтік тізімге сәйкес гранттарды басқа Зияткерлік мектептер арасында қайта бөлу бойынша жұмыс органының құзыретін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ дербес білім беру ұйымының қызмет түрлерін кеңейту, білім беру ұйымдарын аккредиттеу мен оқу-ағарту саласында зерттеулер жүргізу, цифрлық шешімдер мен ресурстарды іске асыру бойынша жұмыс тәжірибесін тарату мәселелері қаралды.

Қамқоршылық кеңестің шешімімен жаңа редакцияда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу ережелері қабылданды. Жаңадан бекітілген қағидалар сатып алу процесінің жариялылығын, ашықтығын арттыруға, сатып алу рәсімдерін оңайлатуға және жеделдетуге, Қазақстан Республикасының заңнамасы мен экономикасындағы өзгерістерге қатысты қолданыстағы нормалардың кемшіліктерін жоюға бағытталған.