Баспасөз-қызметі
Назарбаев Зияткерлік мектептері CIS халықаралық білім беру стандарттарына сәйкестігін растады
Талдықорған, Қызылорда және Шымкент қаласындағы химия-биологиялық бағыттағы Зияткерлік мектептер Халықаралық Мектептер Кеңесінің (CIS) қайта аккредитациясынан сәтті өтіп, білім берудің жоғары деңгейін тағы да растап отыр. CIS аккредитациясын алу процесі тек оқу бағдарламасына ғана емес, сонымен қатар мектеп қауымдастығының ата-аналармен қарым-қатынасы, тұрақты даму сынды күрделі аспектілерді бағалауды қамтиды. CIS өкілдері сабақтар мен сабақтан тыс шараларға қатысады, үйірмелер мен секциялардың жұмысымен танысады, сонымен қатар оқушылармен, мектеп ұжымымен және ата-аналармен әңгімелеседі.
CIS аккредиттеуінен өту халықаралық деңгейде мойындалу мен білім беру стандарттарының жоғары деңгейін сақтауға талпынатын кез келген мектеп үшін маңызды. Өйткені бұл білім ұясының дамуына септігін тигізеді.
Айта кетейік, 2023-2024 оқу жылында 9 Зияткерлік мектеп CIS аккредиттеуінен қайта өткен болатын. Бұл сапалы білім беретін және оқытудағы жаңашыл инновацияларды қолданатын мектептерге берілген ең жоғарғы баға.