Наурыз кездесулерінің үздік жобалар авторлары Қазақ-Британ техникалық университеті мен AlmaU гранттарын иеленді

Елордада бүгіннен-ақ отандық ғылымда нағыз серпіліс жасап жатқан жас ғалымдардың есімдері аталды.

Астанада «Биомедицина, инженерия және технологиялар» атты XII Наурыз кездесулері қорытындыланды. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының айшықты оқиғасы дәстүр бойынша оқушылардың ғылыми таланттары мен зерттеушілік шабыттарын көктем мерекесінің ең маңызды салт-дәстүрлерімен тоғыстырды.

Биылғы жылғы наурыздағы ғылыми жобалар байқауы замануи медицинаның жаһандық трендтеріне арналды: денсаулық сақтау саласына жасанды интеллект, машиналық оқыту мен үлкен деректерді енгізу. Кездесу қатысушылары Назарбаев Университетінің Медицина мектебі және Инженерия мен цифрлық технологиялар мектебі, сондай-ақ республика Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығы ауруханасында жаңа технологияларды тәжірибеде қолдану барысымен танысты.

Зияткерлік мектеп оқушыларымен қатар жоба қорғауға ғылым алаңына алғаш рет 17 ауылдық тірек мектеп өкілдері шықты. Олардың Астанаға сапарын Білім беруді тұрақты дамыту қоры ұйымдастырды.

Жасанды тін мен органдар, ақылды протездер, дербес медициналық көмекшілер мен биоинтерфейстер, ақпараттық және бағдарламалық құралдар, медициналық бейнелер мен биосигналдарды өңдеу, пациенттердің деректер базасын әзірлеу секцияларында алты жоба үздік деп танылды. Алматыдағы химия-биология бағытындағы NIS-тен Аида Оралбекова мен Аяжан Сейдин, Қарағандыдағы NIS-тен Алдияр Нақып пен Алпамыс Исабеков, Павлодардағы NIS-тен Шахназар Сайлауқан мен Аида Абкенова, NIS IB оқушысы Жанель Мамырбек, NIS IB-ден Томирис Ыдырысбаева, Арай Камалиева, Амир Жақсылық, Әділет Аусарбеков, Жанель Мамырбек және Қызылордадағы NIS оқушысы Раушан Тұрғанбай чемпиондар атағын иеленді.

Алматы Менеджмент Университеті рекрутинг бөлімінің директоры Аида Айнакулова Аида Оралбекованы AlmaU грантын алумен құттықтады.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының басқарма төрағасы Ануар Жанғозин Алдияр Нақып, Шахназар Сайлауқан, Жанель Мамырбек, Томирис Ыдырысбаева мен Раушан Тұрғанбайға Қазақ-Британ технологиялық университетінің гранттарын табыстады.