Баспасөз-қызметі
Наурыз кездесулерінің қатысушысынан НУ-дың ғылыми қызметкеріне дейін
Талдықорған қаласындағы Зияткерлік мектеп түлегі Даниил Филимонов үшін 2019 жылғы Наурыз кездесулері тенсегрити роботтарды зерттеуге себеп болды. Бүгінде ол Назарбаев Университетінде білім алып қана қоймай, озық робототехника және мехатроника жүйелері зертханасында ғылыми қызметкер болып жұмыс істейді:
– Кернеу тұтастығын қолданатын құрылымдар – тенсегрити-роботтар салмағының жеңіл болғанына қарамастан, ауыр жүктерді тасымалдауға, адам қолы жетпейтін кеңістіктерде қозғалуға, тіпті ғарышты игеруге көмектесе алады.
Профессор Анара Сандыгулованың Human Robotic Instructions зертханасында Наурыз кездесулері қатысушыларын 12 тілді меңгерген «PHURHAT» адам тәрізді робот қарсы алды. Сонымен қатар «NAO», «QT» және «PEPER» есімді робот көмекшілерінің аутизммен ауыратын балаларды оңалтуда қолданудың нәтижелерімен танысты.
– Елімізде 22 оңалту орталығын құру жоспарлануда. Осылайша біздің студенттер болашақ әлеуметтік роботтардың бағдарламаларын жазатын болады, – дейді Назарбаев Университетінің ғылыми қызметкері Медет Мукушев.
Гуманоидты робототехника зертханасында жас ғалымдар күнделікті өмірде және өндірістік жағдайларда қажетті функцияларды орындай алатын адамға ұқсас роботтарды жасау үдерісімен танысты.