Баспасөз-қызметі
Мұрат Ерасыл: Роботтарды медицинада қолдануға болатынына көзім жетті
Биомедицина мен технологияларды дамыту жолдындағы кезекті танымдық экскурсиялар NU Медицина мектебінде жалғасты
XII Наурыз кездесулерінің қатысушылары үшін NU Медицина мектебінде өткен шеберлік сағаттар денсаулық сақтау саласына жаңаша көзқарас танытуға мүмкіндік берді. Оқу және ғылыми зертханада аға үйлестіруші Жанар Мұстапова культуралды лабораториядағы клеткалармен жұмыс істеу әдістерін көрсетсе, зертхана үйлестірушісі Азамат Догабаев гистологиялық үлгілер мен тұздан жасалған кристалдарды микроскоп объективі арқылы бақылауды үйретті.
Жас ғалымдар Медицина мектебіндегі симмуляция орталығында Sim Man есімді манекен-пациентпен танысып, оның өмірін сақтап қалу үшін түрлі клиникалық процедуралар жасауды меңгерді. Ассистент-профессор Виталий Сазонов қазақстандық медицинаға жаңа технологияларды кіріктірудің маңызы мен дәрігерлерді сапалы және жан-жақты білім алуына мүмкіндіктер жасалып жатқанын, сондай-ақ Наурыз кездесулері тақырыбының өзекті екенін айрықша атап өтті:
– NU School of Medicine Симуляциялық орталығының жұмысымен танысу балалар үшін өте пайдалы болғанын айтқым келеді. Олар заманауи медицина саласының жетістіктерін өз көздерімен көріп, жасанды интеллект және жаңа технологиялардың артықшылығы, оқу барысындағы қауіпсіздік және зерттеу жұмыстары арқылы адам өмірін жақсы жаққа өзгертуға болатынын сезінді.
Сондай-ақ оқушылар цифрлық лаборатория және Медицина мектебінің кітапханасын аралады. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлихан ауданының Кішкенекөл ауылынан келген Мұрат Ерасылдың айтуынша, Наурыз кездесулері, танымдық экскурсиялар, шеберлік сағаттар оның физика-математикамен қатар химия-биологияға да қызығушылығын еселетті.
– Роботтарды тек өндірісте, ауыр жұмыстарда пайдаланып, адамдардың көмекшісі ретінде танушы едім, бүгін ойым өзгерді. Оларды денсаулық сақтау саласында қолдануға болатынына көзім жетті. Болашақта биомедицинаны таңдау енді жоспарымда бар, – дейді Мұрат Ерасыл.