Баспасөз-қызметі
Массимо Пиньятелли: Жасанды интеллект медицина саласында революция жасауда
NIS-тің дәстүрлі Наурыз кездесулерінің пленарлық отырысында Назарбаев Университетінің Медицина факультетінің деканы Массимо Пиннателли сөз алып, болашақ дәрігерлерді даярлау бойынша ақпарат берді. Және жөтел арқылы тыныс алу жолдарындағы ауруларды анықтайтын мобильді қосымшасын таныстырды:
– Жасанды интеллект – медицинада революция жасауда. Университетімізде ашылған орталықтар генетикалық ауруларды анықтауға және алдын алуға, сандық технологиялар негізінде түрлі диагностикалық зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді. Қазіргі таңда біз болашақ дәрігерлердің бойында науқастармен қарым-қатынас орнатуда қажетті дағдыларды дамытуды қолға алудамыз.
Наурыз кездесулерінің қатысушыларына Ана мен бала Ұлттық ғылыми орталығының балалар хирургиясы бөлімінің жетекшісі Дастан Рүстемовтің сөзі ерекше шабыт берді. Спикер балалар хирургиясының ерекшеліктері мен жаңашылдықтары туралы баяндады:
— Қазір қазақстандық медицина қарқынды дамып келеді. Бүгінгі күні ең күрделі ағзаны ауыстыру оталарын жасауға мүмкіндік бар. Біздің орталықта ана құрсағында жатқан нәрестелерге де ота жасай аламыз. Елімізде және дүние жүзінде балалар хирургиясы мамандары жетіспейді. Наурыз кездесулеріне қатысушылар біздің әріптестерімізге айналады деп сенеміз.