Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7 сыныптарында оқуға үміткерлерді конкурстық іріктеу 2022 жылғы 14-15 сәуірде өтеді.

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7 сыныптарында оқуға үміткерлерді конкурстық іріктеу 2022 жылғы 14-15 сәуірде өтеді.

Тестілеу құрылымы

Тіркеу орталықтандырылған түрде Нұр-Сұлтан қаласының келесі уақытымен жабылады:

1 ауысым үшін сағат 09:31

2 ауысым үшін сағат 16:01

Тіркеуге кешіккен үміткерлер көрсетілген уақыттан кейін тестілеуге жіберілмейді.

Үміткерде өзімен бірге келесі заттар болуы керек:

  1. рұқсат қағазы;

  2. қара сиясы бар шарикті қалам (гельді емес);

  3. зат таңбасы жоқ бөтелкеде су алуға болады.

Тыйым салынған заттар.

Тестілеу кезінде келесі заттардың болуына жол берілмейді:
  • ұялы телефон
  • кітаптар
  • сызбалар
  • фото/бейне құрылғылар
  • сөздіктер
  • циркуль
  • қарындаштар мен өшіргіштер
  • маркерлер
  • сызғыштар
  • сөмке
  • тамақ және сусындар (судан басқа) - жазу құрылғылары
  • калькуляторлар
  • блокноттар
  • басқа электрондық құрылғылар (смарт-сағат)
  • құлаққаптар
  • кепка, шапкалар

Тыйым салынған заттардың бар-жоғын алдын ала тексеріп, оларды үйде қалдыруыңызды сұраймыз!

Үміткерде тестілеу кезінде тыйым салынған заттар табылған жағдайда үміткер аудиториядан шығарылады және оның тестілеу нәтижелері жойылады.