![](https://nis.edu.kz/storage/app/uploads/public/620/bbc/36d/thumb_70_1366_236_0_0_crop.jpg)
Баспасөз-қызметі
Конкурс жөнінде хабарлама
«Назарбаев Зияткерлік мектептерi» дербес білім беру ұйымы 2024–2025 оқу жылында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарында оқуға үміткерлерге Қазақстан Республикасы Президентінің «Өркен» білім беру грантын тағайындау үшін конкурс жариялайды. Құжат қабылдау 2024 жылғы 8 қаңтардан 10 ақпанға дейін жүргізіледі. Кешенді тест 2024 жылғы 28, 29 наурыз күндері өтеді. Құжат қабылдау орындары мен конкурстың өту шарттары туралы толық ақпаратты www.nis.edu.kz веб-сайтындағы «Оқуға түсу» – «Конкурс жөнінде хабарлама» бөлімінен алуға болады.