Күләш Шәмшидиноваға Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ құрметті профессоры атағы берілді

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинованың «Ой толғау нүктесі: орта білім мазмұны, мұғалім, қазіргі замандағы білім беру архитектурасы» атты ашық лекциясына Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессор-оқытушылар құрамы жиналды.

Университет ректоры Жансейіт Түймебаев дүниежүзіне жоғары стандарттармен танымал бірегей Зияткерлік мектептер жүйесін құрып, оны басқарып отырған Күләш Шәмшидинованың ҚазҰУ химия факультетінің түлегі екенін мақтанышпен атап өтті.

Өзінің альма-матер қабырғасында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрайымы Күләш Шәмшидиноваға Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің құрметті профессоры атағы берілді.