Баспасөз-қызметі
Көкшетау, Семей және Өскемендегі NIS Халықаралық мектептер кеңесінің қайта аккредиттеуінен өтті
Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларындағы NIS Халықаралық мектептер кеңесінің (CIS) қайта аккредиттеуінен сәтті өтіп, білім беру жүйесінің әлемдік бәсекеге қабілетті екенін тағы бір мәрте растады.
Бұған дейін үш мектепке де CIS аккредитацияcынан өту туралы сертификат 2017 жылы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының дәстүрлі Тамыз конференциясында табысталған еді.
Қайта аккредиттеу барысында CIS сарапшылары оқушылар мен мұғалімдердің жаһандық азаматтыққа деген адалдығын жоғары бағалап, мектеп миссиясының, педагогтердің табысты және жүйелі кәсіби дамуының, сондай-ақ оқу процесі мен тәрбие жұмысының халықаралық стандарттарға сай екенін атап өтті.
Халықаралық мектептер кеңесі – Council of International Schools (CIS) – білім беру саласындағы соңғы жаңалықтар мен жоғары стандарттарды одан әрі ілгерілету үшін құрылған әлемдегі танымал ұйымдардың бірі.