Баспасөз-қызметі
Химиядан Швейцарияда өткен олимпиадада NIS оқушылары үздіктер қатарынан көрінді
Астанадағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Санжар Бисенәлі химиядан Халықаралық олимпиаданың (IChO) жеңімпазы атанса, Ақтаудағы NIS-тен Альмира Нұрланова күміс медаль иеленді.
Биыл байрақты бәйге Швейцарияның Цюрих қаласында өтіп, әлемнің 88 мемлекетінен келген 350-ден аса оқушының білімін сынады. Олимпиада теориялық және эксперименттік турлардан тұрды.
Еске салсақ, өткен жылы да Санжар мен Альмира International Chemistry Olympiad-та ел намысын қорғап, екеуі де күміс еншіледі. Сондай-ақ беделді Менделеев олимпиадасынан да жүлделермен оралды.
Бүгінде Зияткерлік мектептің 2023 жылғы қос түлегі әлемнің озық жоғары оқу орындарында білімін жалғастырады. Альмира Нұрланова Массачусетс технологиялық институтының (MIT), ал Санжар Бисенәлі Калифорния технологиялық институтының (CALTECH) грантына ие болды.