Баспасөз-қызметі
Герд Леонхард: «Біз өзгерістер әлеміне нық қадам басып келеміз»
«Жасанды интеллект пен мехатроника» Наурыз кездесулерінің бірінші күні «Машиналар мен адамзаттың болашағы. Жасанды интеллект және адам интеллектісі» вебинарына еуропалық футурист, технологияның адамзатқа әсеріне қатысты кітаптардың авторы Герд Леонхард қосылды.
Герд Леонхард жасанды интеллектіні «көмекші» немесе «интеллект ассистенті» деп атаған жөн екенін айтты. Сонымен қатар еуропалық футурист машиналық құзіреттілікті адамның ақыл-ойымен, санасымен шатастырмау керегін ерекше атап өтті.
– Біз өзгерістер әлеміне нық қадам басып келеміз. Өзгерістерге кванттық компьютерлер, әртүрлі тілдерді қайта өңдеу, блокчейн, 3D басып шығару, гендік инженерия, виртуалды шындық сияқты заттар кіреді. Басында бұның бәрі баяу, біртіндеп дамиды деген ойда болдық, алайда бұл процестер әп-сәтте және тез дами бастады, – дейді Герд Леонхард, – Адамзаттың іздегені адамдарға ұқсайтын машиналар емес, пайдалы заттар, зияткерлік көмек болуы керек.