Баспасөз-қызметі
Елордадағы физика-математика бағытындағы NIS Шырмауық лигасын бағындыруда
Түлектердің ең көп тобы NIS жүйесіндегі алғашқы білім орда – елордадағы физика-математика бағытындағы мектеп өкілдері. Олардың бесеуі Шырмауық лигасына кіретін беделді жоғары оқу орындарын аяқтаған: 2010 жылғы түлек Гүлжазира Темірқайратқызы – University of Pennsylvania, 2015 жылғы түлек Кенже Омарәли – Columbia University, 2019 жылғы түлек Мадина Сәбитқызы – University of Pennsylvania, 2020 жылғы түлек Аделина Елемесова – Columbia University, сондай-ақ 2023 жылдың түлегі атанатын Аружан Аусат University of Pennsylvania-ға шақырту алды.
Он бір түлек сүйікті мектебіне жаңа лауазымда – мұғалім ретінде оралды, жас педагогтерге мектеп директоры Әсел Бейсембинова түлектердің сертификаттары мен ленталарын табыс етті.
Alumni NIS кураторы Салтанат Чистыбаева қауымдастық тарихын таныстырып, түлектердің қай елдерде оқып, жұмыс істейтініне тоқталды.
«SAMGAU» форумында панелдік сессиялар тыңдаушылар арасында үлкен қызығушылық тудырды, онда жоғары сынып оқушылары сұранысқа ие қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарында кәсіби таңдау мен білім алудың қыр-сырын NIS түлектерінен білді.