Елордадағы физика-математика бағытындағы NIS оқушысы Аружан Аусат Шырмауық лигасында оқуға шақырту алды

Елордадағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектептің 12-сынып оқушысы Аружан Аусат бірден төрт беделді университетке шақырту алды. Бұл – Шырмауық лигасына кіретін University of Pennsylvania, сондай-ақ City University of Hong Kong, Hong Kong University of Science and Technology және Northwestern Qatar. Төрт жоғары оқу орны да білім беруді қаржыландыру жөніндегі қабылдау комиссияларының оң шешімін туралы хабарлады.

Аружан өзінің болашақ кәсібін экономикамен байланыстыруды жоспарлап отыр. Ол көптеген ғылыми олимпиадалар мен байқауларға қатысты, республикалық ғылыми жобалар конкурсының жеңімпазы ретінде танылды. Экономика және география салаларындағы зерттеу жұмыстарымен айналысады, 2021 жылы мектеп оқушыларының өзін-өзі басқару кеңесінің көшбасшысы болды.

– University of Pennsylvania-дан Huntsman Program in International Studies and Business бойынша бәсекеге қабілетті қос дипломдық бағдарламасына шақырту алдым, мұнда жылына ең көбі 50 адам қабылданады. Университеттегі Wharton мектебінің бағдарламасы – бизнесті оқитындар үшін әлемдегі ең жақсы мектеп. Ал Northwestern University и Hong Kong University of Science and Technology ғылыми-зерттеу белсенділігімен танымал және Шырмауық лигасындағы жоғары рейтингті университеттерден қалыспайтын танымал оқу орындары. Зияткерлік мектеп маған өзімді әр салада сынауға мүмкіндік берді, мен осында өсіп, қалыптастым. Арманымды жүзеге асыруға қолайлы жағдай жасаған ұстаздарыма және NIS-ке айтар алғысым шексіз, – дейді Аружан.