Баспасөз-қызметі
Екі Зияткерлік мектеп халықаралық статусын қайта растады
Тараз бен Шымкент қалаларындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектептері Council of International Schools (CIS) аккредитациясынан қайта өтті.
Аккредитациядан өткізу барысында CIS өкілдері сабақтар мен сыныптан тыс іс-шараларға қатысып, оқушылар, мұғалімдер және ата-аналармен кездесті, мектеп өмірінің барлық тұсын – оқыту сапасынан бастап оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дейінгі жұмысты жан-жақты бағалады.
Сарапшылар оқушылар мен мұғалімдердің жаһандық азаматтыққа деген адалдығын жоғары бағалап, мектеп миссиясының, педагогтердің табысты және жүйелі кәсіби дамуының, сондай-ақ оқу процесі мен тәрбие жұмысының халықаралық стандарттарға сай екенін атап өтті.