Шымкенттегі химия-биология бағытындағы NIS директоры Қайырбек Буксукбаев YouTube-тің күміс батырмасын иеленді

YouTube-тің күміс батырмасы алғаш рет АҚШ-тан Шымкентте жеткізілді. Әлемдегі ең танымал видеохостинг әкімшілігі сұранысқа ие онлайн жоба үшін Қайырбек Буксукбаевты марапаттады. Бүгінгі таңда химия пәніне арналған білім беру арнасында 100 мыңнан астам жазылушы тіркелген.

2020 жылы пандемия кезінде қолға алынған «Мектеп Online химия» жобасының медиа-мұрағатында қазақ және орыс тілдерінде 900-ден астам бейне сабақ жинақталған.

– Химия пәні көпшілік үшін күрделі әрі қызықсыз болып көрінеді, сондықтан бұл арна оқушылардың химияға деген қызығушылығын арттыруды көздейді, осы саладағы білімді бәсекеге қабілетті етеді. Ата-аналар мен мұғалімдер «Мектеп Online химия» арнасының сұранысқа ие ресурсқа айналғанын жеткізуде, – дейді Қайырбек Буксукбаев.