Баспасөз-қызметі
Мәжіліс депутаттары NIS экожүйесімен танысты
Бүгін елордада Назарбаев Зияткерлік мектептері мен Назарбаев Университетінің топ-менеджерлері Мәжіліс депутаттарымен кездесті.
Шараға ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Дания Еспаева, Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Татьяна Савельева, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетов, «Назарбаев Университеті» Президентінің міндетін атқарушы Илесанми Адесида, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин қатысты.
Жиын Назарбаев Униврситеті базасында ұйымдастырылды.
Кездесу аясында Мәжіліс депутаттары Зияткерлік мектептердің қызметімен, даму стратегиясымен, жетістіктерімен, орта білім беру саласын дамытуға бағытталған әлеуметтік жобаларының нәтижелері және NIS тәжірибесін таратудағы жұмыстармен танысты. Сондай-ақ NIS-тің еншілес ұйымдары – Білім беру бағдарламалары орталығы, Педагогикалық өлшеулер орталығы, Педагогикалық шеберлік орталығы және Beyim Tech өкілдері де өз өнімдері мен қызметтерін ұсынды.
Сонымен қатар Мәжіліс депутаттары білім беру ұйымдарын қаржыландырудың тетіктерін оңтайландыру мәселесін, дербестікті сақтау мен оқу ордаларының әлеуетін одан әрі арттырудың маңызын жан-жақты талдады.