Баспасөз-қызметі
Елордадағы физика-математика бағытындағы NIS-тің волейболшы ұлдары да чемпиондық атаққа ие болды
Зияткерлік мектептердің ұлдар құрамалары арасында өткен волейболдан желілік спартакиадада елордадағы физика-математика бағытындағы NIS жеңіс тұғырынан көрінді.
Үшінші орынға ақтөбелік волейболшылар мен Астанадағы халықаралық бакалавриат мектебінің құрамасы таласып, екі ойын нәтижесінде өз алаңында ойнаған елордалық команда қарсыластарын ұтты.
Чемпиондық атақ үшін ойын Тараз қаласындағы NIS пен Астанадағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектеп арасында өтіп, елордалық жас спортшылар үздік деп танылды.
Желілік спартакиада нәтижесі бойынша елордадағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектеп оқушылары алтын медаль иегерлері атанса, екінші орын тараздық волейболшыларға бұйырды, үшінші орынға астаналық халықаралық бакалавриат мектебінің ойыншылары жайғасты.
Финалдан кейін бірнеше номинациялар бойынша спартакиаданың үздік ойыншылары анықталды:
«Үздік ойыншы» – Алматыдағы физика-математика бағытындағы NIS-тен Айсұлу Әділбек пен Ақтөбедегі Зияткерлік мектеп оқушысы Асылбек Жәнібек
«Үздік шабуылшы» – NIS халықаралық бакалавриат мектебінің оқушысы Алина Сандалова мен қызылордалық зияткер Алихан Байменов
«Үздік қорғаушы» – Қызылордадағы Зияткерлік мектептен Аружан Мырзабекова мен павлодарлық NIS спортшысы Нұрперзент Кәрібек
«Үздік үйлестіруші» – актөбелік волейболшы Сабирина Абишева мен Өскемендегі NIS оқушысы Ерұлан Төреқұлов.
Назарбаев Зияткерлік мектептерін дамыту департаментінің директоры Рустам Абилов желілік спартакиаданың барлық қатысушыларын құттықтады:
– Ойындардың бәрі жоғары деңгейде өтті. Төрешілер алқасына да әділ ойын үшін алғыс білдіреміз. Бұл жетістік – біздің жаттықтырушыларымыздың еңбегі. Ойын кезіндегі эмоциялар соңғы мундиалдағыдай болды.