Чемпиондар елордадағы физика-математика бағытындағы NIS-те оқиды

NIS-тің қыз балалар командалары арасында өткен волейболдан үшінші желілік спартакиаданың ақтық кезеңі Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектеп құрамасының жарқын жеңісімен аяқталды.

Жарыстың соңғы күні тамаша тартысты өткен ойындармен есте қалды.

Спартакиаданың финалдық ойындарында Өскемендегі Зияткерлік мектеп пен Алматыдағы физика-математика бағытындағы NIS командалары кездесті. Бір-біріне есесін жібермеуге тырысқан споршылар ойын соңына дейін жеңіс үшін тайталаса күресті. 2:1 есебі сенімді ойынымен көзге түскен өскемендіктердің мықтылығын растады.

Елордалық физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектеп пен Алматыдағы химия-биология бағытындағы NIS командалары арасындағы бірінші орын үшін матч қарқынды қақтығыстарға толы болды.

Астаналық команда волейболшыларын өз алаңдарында күрделі сынақ күтіп тұрды, дегенмен қыздар өздерінің үздік екендерін дәлелдеп, матчты 2:0 есебімен аяқтап, жеңіс тұғырынан көрінді.

Чемпиондық команда құрамында Камила Цой, Айгерім Өскембай, Ажар Бақтығалиева, Амина Әлімбаева, Инара Марат, Амина Рамазан, Малика Тлегенова, Камила Сағыныш ойнады.

Волейболдан қыздар арасында өткен желілік ойын нәтижесі:

1 орын – Астанадағв физика-математика бағытындағы NIS;

2 орын – Алматыдағы химия-биология бағытындағы NIS;

3 орын – Өскемендегі NIS.