Баспасөз-қызметі
Бірінші «SAMGAU» түлектер форумы
EdGiving Alumni NIS: сүйікті мектепке оралу
– Күн сайын жасалған кішкентай қадамдар арқылы армандар орындалады, – дейді NIS халықаралық бакалавриат мектебінің түлегі Нұрпейіс Баймұқан.
– Әрбір түлек – біздің мектебіміздің тарихы. IB – мүмкіндік болса, NIS – үлкен отбасы, – деп мектеп директоры Сабыржан Сәдуақасов «SAMGAU» қатысушыларын қарсы алды.
Алматыдағы химия-биология бағытындағы Зияткерлік мектепте өткен «SAMGAU» түлектер мен оқушылар үшін бірегей диалог алаңына, инсайттар және нетворкинг аумағына айналды.
Арнайы сессияда зияткерлер қонақтарды өздерінің ғылыми-зерттеу, әлеуметтік, шығармашылық және IT-жобаларымен таныстырды.
– Оқушылардың IT-саласындағы ізденісі таң қалдырды, олар кодтауды жақсы меңгерген, деңгейілері жоғары. Шара барысында кейбір тақырыптарға байланысты жеке көзқарасыммен бөлістім, – деп атап өтті 2020 жылғы түлек Асылбек Сәкенов.
– Шырмауық лигасына кіретін Дартмут колледжінде оқу NIS білім беру бағдарламасының заңды жалғасы дер едім. Бұл мүмкіндікке кез келген адамның ие бола алатынын оқушыларға жеткізуге тырыстым. NIS қауымдастығы үйреткен көптеген networking дағдылардың арқасында мен аз уақытты жаңа ортаға тез бейімделдім, – деп бөлісті Дартмут колледжінің бірінші курс студенті Рамина Асқарова.
– Мектебіміздің дамуына, көркеюіне және көбірек адал түлектерді шығаруға және біз сияқты тамаша студент болуға көмектесу мүмкіндігіне ие болғаныма өте қуаныштымын және ризамын. Сонымен қатар мектебім маған қазір қажет және болашақта өте пайдалы болатын дағдыларды үйреткенінін атап өткім келеді, – дейді Қостанайдағы NIS-тің 2021 жылғы түлегі, Ұлыбританиядағы Бристоль университетінің студенті Анель Қасымова.
Бірінші «SAMGAU» түлектер форумы Алматыдағы екі NIS-те, Атырау, Қызылорда, Семей, Ақтау, Тараз, Қостанай, Павлодар, Өскемендегі Зияткерлік мектептерде, шымкенттік екі NIS-те, елордадағы физика-математика бағытындағы NIS, халықаралық бакалавриат және халықаралық мектепте ұйымдастырылды.
Форумдар 2023 жылдың қаңтарында жалғасады.