Баспасөз-қызметі
Бионикалық қолдар экологиялық мәселелерді қалай шеше алады?
«Экзо және эндопротездеу, ақылды протездер мен олардың элементтерін құру» секциясында оқушылар протездердің бірегей түрлерін таныстырды.
Атыраудағы NIS оқушысы Росул Джолшибеков бионикалық қолдарды екінші рет өңделген пластик қалдықтардан әзірлеуді ұсынды.
– Экологиялық тиімді және қолжетімді өнімді дайындаудағы мақсатым әлеуметтік жағдайы төмен мүгедектерге көмектесу. Қазақстанда бионикалық қолдардың қазіргі бағасы 1 миллион теңгеден жоғары, қарапайым халық үшін қолжетімсіз. Мен жасаған құрылғы пластик қалдығынан болғандықтан бағасы төмен. Әзірге функционалдық жағынан толықтырулар қажет. Сондықтан жобаны дамыту жалғасады.
Шымкенттегі физика-математика бағытындағы NIS оқушы дәстүрлі кездесуде гипсті бинтті алмастыратын гипоаллергенді ортез замануи құрылғысын ұсынды. Жергілікті өңірдің ауа температурасына бейімделген ортез дизайны мен ерекше.
– 3D принтердің арқасында ортездер жасау идеясы жүзеге асты. Оның ауа, су өткізгіш қасиеттері де бар. Себебі күнделікті өмірде көптеген жарақаттар аламыз, ал гипспен жүру қолайсыз. Травматология саласында жаңа технологияларды енгізу керек деп ойлаймын, – деді Аслан Амангелді.