Баспасөз-қызметі
BINOM school педагогтары NIS-те біліктілігін арттырды
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Білім беру бағдарламалары орталығы «Binom SCHOOL» желісінің математика, физика, химия және биология мұғалімдеріне арнап оқыту семинарын өткізді.
Сабақ барысында мұғалімдер оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға негіз болатын бірқатар дағдыларды меңгерді. Сонымен бірге PISA халықаралық зерттеулер форматында жаттығулар мен міндеттерді талдады. Мұнан соң нақты өмірлік жағдайлармен және пәндік контекстпен байланысты тапсырмаларды шешті. Ал зертханалық жұмыстарды орындау арқылы ғылыми тұжырымдамаларды түсіну, деректерді түсіндіру, оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту процестерін меңгерді.
Мұғалімдер тақырыптың өзектілігін, семинардың тиімділігін атап өтті, сондай-ақ алдағы уақытта кәсіби қызметте қолдануға қажетті тәжірибе алды