Баспасөз-қызметі
«Ауыл мектебінің өркендеуі – қоғам игілігінің кепілі»
2023 жылғы 2-3 қарашада Астана қаласында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының «Ауыл мектебінің өркендеуі – қоғам игілігінің кепілі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді.
Конференция ауылдық мектептердегі білім беру сапасын арттыруға және әрбір оқушының әл-ауқатын қамтамасыз етуге байланысты мәселелерді бірлесіп талқылап, шешуге бағытталған.
Ауқымды шараға еліміздің барлық ауылдық елді мекенінен 330-дан аса педагог қатысады. Ұстаздарға Ұлыбританиядағы Кембридж университетінің құрметті профессоры Колин Маклафлин, Финляндиядағы Турку университетінің профессоры, Kiva халықаралық буллинг бағдарламасының авторы Кристина Салмивалли, Нидерландтағы Халықаралық мектептер кеңесінің (CIS) сарапшысы Грэм Рейнджер, Ұлыбританиядағы Anglian Learning Multi Academy Trust компаниясының негізін қалаушы және бас директоры Кейт Эванс, литвалық психиатр, трансакциялық анализ бойынша сертификатталған терапевт және кризисті басқару бойынша сарапшы Дарюс Радкявичиюс және Nick Jr Asia суретшісі, норвегиялық дизайнер Ойстейн Кристиансен және білім беру саласының өзге де танымал шетелдік және отандық сарапшылары өз зерттеулері мен баяндамаларын ұсынады.
Педагогикалық жиын «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры және «Білім беруді тұрақты дамыту» қорымен серіктестікте іске асырылатын «Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасы аясында ұйымдастырылады.