Ауыл мектептерінің ең жас педагогтеріне арналған форум басталды

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогогикалық шеберлік орталығының «Жас ұстаз: Табысқа апарар жол» атты екінші республикалық жас мұғалімдер форумы басталды.

Форумға еліміздің әр өңірінен 200-ге жуық жас педагог қатысуда. Шара екі күнге созылады. Ұстаздар біліктілікті арттыру, кәсіби шеберлік сабақтарында білім саласының өзекті мәселелерін талқылайды. Сондай-ақ тәжірибелі педагогтермен тәжірибе алмасып, жетістікке жеткен қазақстандықтармен кездесуде.

Ауқымды жиынның салтанатты ашылуына Қазақстанның мемлекет қайраткері Күләш Шәмшидинова, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрағасының орынбасары Азамат Жанкеев қатысып, форум қатысушыларына жаңа оқу жылында сәттілік тіледі.

Сонымен қатар форум аясында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозинның қатысуымен галстуксыз кездесу өтеді.