Баспасөз-қызметі
Атыраудағы NIS оқушысы Абылай Амангелдіұлы «Jacobs Bremen University» грантына ие болды
Атыраудағы Зияткерлік мектептің оқушысы Абылай Амангелдіұлы Германиядағы беделді жоғары оқу орындарының бірі – «Jacobs Bremen University» грантын иеленді.
– Бұл мен үшін өте үлкен мүмкіндік. Германия – Европаның технологиялық тұрғыда озық, IT саласы қарқынды дамыған мемлекеттерінің бірі болған соң, осы елдің жоғары оқу орнына түсуді армандадым. Осындай мүмкіндік үшін NIS жүйесіне, маған білім берген ұстаздарға алғысым шексіз, – деп мойындады көптеген республикалық және халықаралық олимпиадаларда өз мектебінің намысын қорғап жүрген Абылай.