Баспасөз-қызметі
Астанадағы Халықаралық мектеп оқушылары «Даналық бейсенбіде» экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменовамен жүздесті
«Даналық бейсенбіде» Астана қаласындағы Халықаралық мектеп оқушылары экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменовадан көкейтесті сұрақтарына жан-жақты жауаптар алды.
ISA оқушылары министрден өзен-көлдердің тайыздануы, Каспий теңізінің жай-күйі, еліміздегі, ең алдымен Астана мен Теміртаудағы ауаның ластануы, сондай-ақ экологиялық таза энергетика туралы сауалдар қойды.
– Шынымды айтсам, мектеп оқушыларының қоршаған ортаға қатысты мәселелерге мұншалықты терең бойлайтынын күтпеген едім. Сұрақтар күрделі, кешенді және өзекті болды. Мені көмір және атом арқылы электр энергиясын өндіру таң қалдырды. Бүгінгі кездесуден кейін жаңа ұрпақтың арқасында елдегі экологияның жақсаратынына сенімдімін, – деп мойындады Зүльфия Сүлейменова.
3-сынып оқушысы Сафия Ускенбаева министрге тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптау бойынша жеке жобасын таныстырса, мектеп президенті Дильназ Шалабаева экологиялық клуб ашуды жоспарлап жүргенін жеткізді.
– ISA миссиясы – өз елін ғана емес, тұтас әлемді ойлайтын жаһандық азаматтарды тәрбиелеу. Сондықтан экология біздің көптеген оқушыларымыз үшін стратегиялық бағыт болып табылады, – деп атап өтті Халықаралық мектеп директоры Айдар Булатов.