Баспасөз-қызметі
Астанада «Биомедицина, инженерия және технологиялар» атты на ХII Наурыз кездесулеріне тіркеу басталды
Елордадағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектепте «Биомедицина, инженерия және технологиялар» атты ХII Наурыз кездесулеріне тіркеу басталды.
Астанада денсаулық сақтау саласына жасанды интеллект, робототехника, машиналық ойлау және үлкен деректерді енгізу жобаларымен табысты жұмыс істеп келе жатқан барлық Зияткерлік мектептердің жас ғалымдары жиналды. Мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстары 3D-биопринтингке, ақылды протездер мен биоинтерфейстерді жасауға және заманауи медицинаның басқа да өзекті басымдықтарына арналады.
Білім беруді тұрақты дамыту қоры жалпы білім беретін мектептер атынан жоба қорғайтын оқушылардың үлкен тобының Астанаға сапарын ұйымдастырды. Еліміздің барлық өңірінде 17 тірек мектепті дамыту бойынша сұранысқа ие жобаның жаңа кезеңі Наурыз кездесулеріне қатысудан басталады.