Астана Халықаралық мектебінің оқушылары «Бастау» олимпиадасында үшінші орын иеленді

Астана Халықаралық мектебінің (ISA) оқушылары Самира Сұлтанова, Әлімжан Ермұханбет және Нұрәли Болат математика пәнінен республикалық «Бастау» олимпиадасында командалық есепте үшінші орынды еншіледі.

Биыл олимпиадаға 130-дан аса оқушы қатысты. Байқау Ш.Смағұлов атындағы Алматы облыстық мамандандырылған физика-математика мектеп-интернатында 24-28 наурыз аралығында өтті.

«Бастау» – 2-4 сынып оқушыларына арналған математика пәнінен дәстүрлі білім бәйгесі. Республикалық олимпиаданы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы бастауыш сынып оқушылары арасында математикалық қабілеттері ерекше дамыған дарынды балаларды айқындау, қолдау, математикадан білімдерін тереңдету және кеңейту мақсатында жыл сайын ұйымдастырады.