Астана халықаралық мектебі халықаралық CIS аккредитациясын алды

Бүгін Астанадағы халықаралық мектептің педагогикалық ұжымы, оқушылары мен ата-аналары құттықтаулар қабылдауда.

Елордадағы халықаралық мектептің халықаралық CIS аккредитациясынан сәтті өткені туралы Council of International Schools-тың штаб-пәтері орналасқан Нидерландыдан сүйінші хабар жетті.

Халықаралық мектептер кеңесі (CIS) – білім саласындағы соңғы жаңалықтар мен жоғарғы стандарттарды одан әрі ілгерілету үшін құрылған әлемдегі танымал ұйымдардың бірі.

CIS сарапшылары оқушылар мен мұғалімдердің жаһандық азаматтыққа деген адалдығын және мектеп миссиясын, педагогтердің табысты және жүйелі кәсіби дамуын, сондай-ақ оқу процесі мен тәрбие жұмысының әлемдік стандарттарға абсолютті сәйкестігін ерекше атап өтті.