Баспасөз-қызметі
Астана, Алматы и Атырауда NIS және EdCrunch Academy әзірлеген педагогтердің кәсіби дамуындағы жаңа цифрлық платформа таныстырылды
Астана, Алматы және Атырау қалаларында педагогтердің кәсіби дамуының отандық жүйесінде жаңа цифрлық платформа – «Білім беру ұйымын басқару» таныстырылды.
Компьютерлік тренажерды бірінші болып елордада жүзеге асырылып жатқан «SHARE – Мұғалім әрекетіндегі тәжірибені зерттеу» жобасының өкілдері сынап көрді.
Алматыда мектеп директорлары мен орынбасарлары өздерінің нақты қызметіне жақын, қате шешімдердің теріс салдарын тудырмайтын кәсіби және басқарушылық жағдайларға еркін бойлай алды. Білім беру жүйесіндегі топ-менеджерлердің кәсіби біліктілігін арттыруға деген сұранысты «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова әлемдік педагогикадағы ең өзекті тенденциялар туралы ашық дәрісінде атап өтті.
Атырауда «Білім беру ұйымын басқаруға» директорлар корпусы мен кадрлық резерв қосылды. Виртуалды модельдерді құру олар үшін кәсіби құзыреттілік пен стратегиялық көрсеткіштерге қол жеткізудегі сынаққа айналды.
– Алған әсерім керемет. Мектепті дамытуда қандай басымдықтарға мән беруіміз керек? Білім беру құрылымдарының басшылары мен олардың орынбасары нені ескермей жатыр? Осы сауалдарға жауап алдық. Қай мәселелерге көңіл бөлу керектігін де анықтадық, – деп мойындады Атыраудағы №42 орта мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Батыржан Қисамеденов.
«Білім беру ұйымын басқару» компьютерлік симуляторы NIS Педагогикалық шеберлік орталығы және EdCrunch Academy-мен бірлесіп жасалған.
Платформаны бағдарламалық қамтамасыз етуді енгізу процестерді нақтылаудың жоғары дәрежесі бар білім беру құрылымы қызметінің кешенді моделін құруға мүмкіндік береді, мұнда параметрлер мен шешімдердің едәуір саны жабдықталған виртуалды мектепті басқарудың кемінде 50 аспектісі ұсынылған.
Симулятор қызметі стратегия әзірлеу, басқарушылық шешімдер қабылдау, басымдықтарды анықтау, жоспарлау секілді кәсіби менеджерлік дағдыларды кеңейтуге, сонымен қатар ойын негізінде тренерлермен бірлесіп қателерді талдап оқытуға ықпал етеді.
«Білім беру ұйымын басқару» компьютерлік тренажері бүгін Ақтау қаласында таныстырылады.