Баспасөз-қызметі
Алматыдағы NIS-те пәндік олимпиадаға жазғы дайындық кезеңі аяқталды
Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы NIS-те пәндік олимпиадаларға жазғы жаттығу сабақтары аяқталды.
Еліміздің 21 Зияткерлік және 1 Халықаралық мектебінен 236 оқушы математика, физика, информатика, химия, биология пәндері бойынша білімдерін арттырды.
Оқушыларды NIS мұғалімдерінен бөлек Назарбаев университеті, Гонконг, Дебреценск университеті мен Массачутес, Калифорния технологиялық институтында оқып жатқан Зияткерлік мектептердің түлектері және республикалық, халықаралық олимпиадаларда жеңімпаз атанып жүрген NIS оқушылары дайындады.
Зияткерлер оқу сабақтарынан бос уақытта оқытушылар ұйымдастырған ойын-сауық тимбилдингте бас қосып, командалық рухтарын арттырды.
Шараның жабылу салтанатында қатысушылар өз пәндері бойынша командаларға бөлініп, негізгі үш мақсатқа жету жолдарын постерлер арқылы қорғады.