Баспасөз-қызметі
ACQUIN NIS Педагогикалық шеберлік орталығына алғашқы семинар өткізді
Германияның аккредиттеу, сертификаттау және сапаны қамтамасыз ету институтының (ACQUIN) өкілдері NIS Педагогикалық шеберлік орталығының жұмыс топтары үшін алғашқы семинарын өткізді.
Шетелдік әріптестер бағдарламаларды бағалау контекстінде ESG стандарттарымен жақсы таныс қазақстандық педагогтердің жоғары кәсіби деңгейін бірден атап өтті.
Ақпандағы семинар – ACQUIN және Орталық жоспарлаған семинарлар сериясының біріншісі. Бұл Германия институты мен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ өкілдері қаңтар айында Байройтта қол жеткізген ауқымды ынтымақтастық бағдарламасындағы бастапқы жоба.
Жыл басында ACQUIN штаб-пәтерінде Педагогикалық шеберлік орталығына мұғалімдердің кәсіби дамуы бойынша «Мектеп командасы: тиімді басқару және білім беру сапасы» атты өзекті бағдарламасын шартсыз сертификаттау куәлігі берілді. Беделді еуропалық агенттік ПШО бағдарламалық аккредиттеу сериясын растады, қазіргі уақытта институционалды аккредиттеуден өту жоспарлануда.