Баспасөз-қызметі
Абылай Қабдулхадыр: Олимпиадаға қатысу одан әрі дамуға серпін береді
Бүгін жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша Назарбаев Зияткерлік мектептерінің желілік олимпиадасы аяқталуда.
Елордадағы физика-математика бағытындағы NIS құрама командасының атынан 40-тан астам оқушы білімін сынап жатыр.
— Биыл мектеп оқушыларын олимпиадаға дайындау үдерісіне бұрын түрлі зияткерлік сайыстарға қатысқан жас ұстаздар қосылды. Күрделі олимпиада тапсырмаларын орындай отырып, балаларымыз табандылық танытады, жеңіске деген ынта-жігерін, алғырлығы мен шығармашылық қабілетін көрсетеді деп сенемін, — деп атап өтті мектеп директорының орынбасары Райгүл Қайыркенова.
— Пәндік олимпиада өзіңді көрсетуге мүмкіндік береді. Болашағымды химия пәнімен байланыстырғым келеді, сол үшін де бір жылдан бері дайындалып жүрмін. Сондай-ақ олимпиадаға қатысу одан әрі дамуға серпін береді, — дейді 10-сынып оқушысы Абылай Қабдулхадыр.