Зерттеу

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ үшін ең маңызды қызмет бағыттарының бірі - ғылыми және қолданбалы зерттеу өткізу. Бүл 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясында бекітілген.

Зерттеудің басты мақсаты – ДББҰ миссиясына жету үшін үлесін қосатын іс-әрекеттерді және практикаларды жетілдіру. Өткізілетін зерттеулердің нәтижесі білім беру үдерісін жетілдіру және Зияткерлік мектептердің үлгісін енгізіп жатқан жалпы білім беретін мектептерді қолдау үшін қолданылады.

ДББҰ өз зерттеу потенциалын нығайту бойынша төмендегі бағыттар бойынша үнемі жұмыс жүргізіп жатыр:

  • ДББҰ мен филиалдарда жүргізілетін зерттеулерді үйлестіру
  • Зияткерлік мектептердің тәжірибесімен және білімімен бөлісу
  • Мұғалімдердің өз практикасын зерттеу
  • Ұлттық орта білім беру жүйесінде зерттеу өткізу.

Өткізілген зерттеулермен танысу үшін сілтеме: https://research.nis.edu.kz/katalog-issledovanij/