Атырау қаласындағы химия – биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі
Атырау қаласындағы химия – биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі
Атырау қаласындағы химия – биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 2013 жылдың 11 қыркүйегінде Зияткерлік мектептер желісіне қосылды.
Қатаң іріктеуден өткен өңірдің ең мықты мұғалімдері Назарбаев Зияткерлік мектептерінің педагогтары қатарына қабылданды. Олардың ішінде Колумбия, Түркия, Кения, Филиппин елдерінен келген 5 халықаралық мұғалім бар. Шетелдік мұғалімдер әрқашан әріптестерімен және оқушылармен өзінің бірегей тәжірибесімен бөлісуге дайын. Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде жұмыс істеу үшін педагог қызметкерлерді конкурстық іріктеу маусым, қараша, желтоқсан айларында жүргізіледі. Мектепте 34 магистр, Назарбаев Университетінің 2 түлегі, "Болашақ" бағдарламасының 2 түлегі, "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ-ның 34 сертификатталған тренері жұмыс істейді.
Зияткерлік мектепке оқуға қабылдау конкурстық негізде жүзеге асырылады. Зияткерлік мектептердің 7-сыныбына оқушыларды қабылдаудың конкурстық іріктеу жүйесі 2013 жылы стратегиялық серіктестермен: Cito халықаралық педагогикалық өлшемдер институтымен, Нидерланд және Джонс Хопкинс университетінің (CTY) дарынды жастар орталығымен бірлесіп Ұлыбритания, Австралия, АҚШ және Нидерландының халықаралық тәжірибесін зерделеу негізінде әзірленді.
Бұл жүйенің ерекшелігі оқушылардың жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқу қабілеттерін анықтау мүмкіндігі болып табылады:
• NIS-Programme мазмұнын тиімді игеру;
• Зияткерлік мектепте оқытудың барлық кезеңінде кең ауқымды дағдыларды дамыту және табысты болу;
• академиялық білім берудің көптеген салаларында қолданбалы мәселелерді шешу.
Тестілеудің бірінші күнінде жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді зерделеу қабілеттерін бағалау бойынша тест өткізіледі.
Қабілеттілікті бағалау бойынша тест тапсырмалары "Математика" пәні бойынша білім деңгейін анықтау арқылы функционалдық сауаттылықты бағалауға, сандар арасындағы өзара байланысты көру, математикалық және логикалық ойлау негізінде олармен жұмыс жасау қабілеттерін, суреттер, графиктер және диаграммалар түрінде деректерді түсіндіру дағдыларын бағалауға бағытталған.
Тестілеудің екінші күнінде тілдік тест өткізіледі.
Бұл тест оқу сауаттылығын, яғни қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі жазбаша мәтіндерді түсіну және талдау қабілетін бағалауға бағытталған.
2021 жылдың 27-28 мамыр күндері өткізілген конкурстық іріктеуге республиканың орта білім беру ұйымдарының 6-сынып оқушыларынан 1042 үміткер қатысты. Қазақ сыныбына 582 үміткер және орыс сыныбына 460 үміткер қатысты. Оның ішінде 120 үміткер Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының "Өркен" білім беру грантының (бұдан әрі – Грант) иегерлері атанды.
Конкурстық іріктеудің жалпы орта есебі бойынша бір орынға 7,8 адамды құрады. Қазақ бөлімінде бір орынға орта есеппен 8 адам, ал орыс тілінде – 9,5 адам.
Зияткерлік мектеп 720 орынға есептелген және жаңа "Нұрсая" шағын ауданында орналасқан. Мектеп барлық қалалық коммуникациялық желілерге қосылған және өзінің жылыту қазандығы бар. Құрылыстың бас мердігері "Модерн Строй-Атырау" ЖШС болып табылады. 6 гектар жерге мектеп ғимараты, үлкен тенниспен, баскетболмен және волейболмен айналысуға арналған бірнеше спорт алаңдары, жүгіру жолы орналастырылды. Барлық алаңдарда спортпен шұғылдану кезінде оқушылардың қауіпсіздігі үшін гетерогенді жабын бар. Футбол алаңына жасанды көгал төселген.
Мектеп қоршауын күшейту бойынша жөндеу, санитарлық тораптардағы арақабырғалар, 1-қабаттағы есіктерді ауыстыру жоспарлануда.
Сондай-ақ мектеп аумағына 05.10.2021 жылы жалпы қуаты 100 кВт фотоэлектрлі модульдері бар көлеңкелі қалқа пайдалануға берілді. Қаржыландыру ШЭЛ компаниясы тарапынан жүргізілді. Бас мердігер "МЭК – Астана" ЖШС.
Сондай-ақ жыл сайын мектептерді көгалдандыруға бюджеттен 600 000 теңге бөлінеді.
Мектепте технологиялық дербестігін қамтамасыз ететін үй-жайлардың негізгі топтарын аймақтарға бөлу көзделген. Жоба коммуникациялық байланыстар мен адамдардың қозғалыс бағытын оңтайлы шешуді көздейді. А блогының ғимаратына сыйымдылығы 120 адамға дейін өзгеретін трибуналары бар үлкен және кіші залдың спорт аймағы кіреді. Сондай-ақ тренажер залы бар. П блогының ғимаратында 378 орындық көпфункционалды трибунасы бар акт залы орналасқан. T блогы-12 оқушыдан тұратын 18 тілдік кабинет орналасқан тілдік оқу блогы. ФМ блогының ғимараты-математика және физика пәндерінен сабақ өткізуге арналған мамандандырылған блок. ХБ блогы - география, тарих, экология, химия және биология сабақтарына арналған мамандандырылған блок.
Зияткерлік мектептердің ерекшелігі – адамдардың өмірі мен қауіпсіздігінің жоғары нормаларына жауап беретін заманауи, жайлы жатақханалардың болуы. 132 орындық жатақханада 33 жатын бөлмесі, әр бөлмеде 4 оқушыға арналған жататын төсек-орын, жиһаздар, сабаққа дайындалу орны, ноутбуктер, оқушылардың жуынатын тазалық орны бар. Сонымен қатар, осы блокта кір жуатын орын, дәрігер кабинеті және медициналық изолятор орналасқан.
Жатақхананың әр қабатында балаларға арналған тұрмыстық бөлме орналасқан, сонымен қатар, оқушылардың сабаққа дайындалуына, тәрбие шараларын өткізуге, достарымен, қонаққа келген ата-аналарымен кездесуіне барлық жағдай жасалған. Жатақхана дәліздерінде орналасқан ойын приставкалары, теледидарлар, жұмсақ жиһаздар – барлығы оқушылардың білім алуымен қатар, демалыс уақыттарын қолайлы өткізулеріне арналған.
Күндізгі мезгілде топ тәрбиешілері болса, кешкісін көмекші тәрбиешілер мен медбикелер балалардың жанында болады. Арнайы медициналық блокта алғашқы көмек, дәрігердің белгілеуімен жоспарланған ем-домдар жасалады.
Жатақхананың болуы өңірдегі аудандар мен шалғай елді мекендердегі оқушылар үшін, сондай-ақ республиканың басқа өңірлерінен келген балалар үшін үлкен мотивация береді.
Мектеп оқу процесін оңтайландыру, зерттеулер жүргізу, білімді практикада қолдану үшін жаңа технологиялармен жабдықталған. Әр кабинет тұрақты компьютермен және интерактивті тақтамен қамтамасыз етілген. Мектепте арнайы қуаттау құрылғысы бар кем дегенде 650 ноутбук бар.
Мекен-жайы: Атырау қаласы, «Нұрсая» ықшам ауданы, 11 – көше, №22 ғимарат.
Телефон: 8 (7122) 55 85 51
Электронды пошта: info@atr.nis.edu.kz
Веб-сайт: atr.nis.edu.kz